Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару-2021”: Ақмолада 20 қылмыстық іс басталды

Ақмолада “Қару-2021” іс-шарасының қорытындысы бойынша 20 қылмыстық іс басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, оның негізгі міндеті заңсыз сақталған атыс қаруын, жарылғыш құрылғыларды, жарылғыш заттарды анықтау және алу, атыс қаруын қолдану арқылы қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, “Қару-2021” жедел алдын алу шарасы республика аумағында 17 мамырдан 17 маусымға дейін өтті.

Бір ай ішінде полиция қызметкерлері мыңға жуық аңшылық және газ қаруының иелерін тексерді. Ақмолалық полиция қызметкерлері атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылатын және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны, алып жүргені үшін жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша 20 қылмыстық істі тергеуді бастады.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша сегіз жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шаруа қожалықтары мен шалғайдағы мал жайылым учаскелерін тексеру кезінде полицейлер қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 190 фактісін анықтады. Барлық фактілер бойынша сараптама жүргізілді, тергеулер жүргізілуде.

Жалпы, заңсыз айналымнан Ақмола облысында 59 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 20 «Петроген» жарылғыш құрылғысы, төрт «ТМ-62М» танкке қарсы мина, сондай-ақ ойық қарудың 184 патроны тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру