Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қару» іс-шарасы: Ақтөбе облысының полицейлері 8300-ден астам қару иелерін тексерді

Ақтөбе облысының полицейлері 8300-ден астам қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысындағы жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2 ақпаннан бастап ерекше өкімге дейінгі кезеңде «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Аталған іс-шараның 25 күнінде облыс бойынша заңсыз айналымнан 21 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 18 тегіс ұңғылы қару және бір-бірден ойық, газ және электр қаруы, сондай-ақ 137 пышақ тәркіленді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының полицейлері 8300-ден астам қару иелерін тексерді. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша қаруды тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 293 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру