Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қару» іс-шарасы: Қызылордада екі күнде 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада «Қару» іс-шарасы барысында екі күнде 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында атыс қарумен жасалатын қылмыстарды алдын алуға және криминогендік ахуалды тұрақтандыру, заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеуге, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіру мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Аталған іс-шараға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылып, рейдтік шаралар және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, іс-шараның екі күнінде 102 дана қару тексерілді. Оның ішінде 71 иір ойықты аңшы мылтық болса, қалған 31 тегіс ұңғылы аңшы мылтықтар.

Тексеру барысында барлығы 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның екеуі сақтау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 484 және 486-бабы (Қаруды тіркеу ережесін бұзу) бойынша төрт дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру