Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полицейдің отбасы назардан тыс қалмады

Алматы облысының полиция қызметкерлері қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полицейдің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция капитаны Виктор Иванов қарулы қарақшылар тобының қолынан, қарақшылық шабуыл дерегінің жолын кесуге бағытталған кезекті тапсырма кезінде қаза тапқан. Тәртіп сақшысы батырлық әрекеті мен естеліктері арқылы болашақ ұрпаққа лайықты үлгі бола алды. Бүгін, 22 жылдан кейін де онымен бірге жұмыс істеген әріптестері, сондай-ақ оның ізбасарлары оны адал, парасатты және қайырымды азамат ретінде еске алады. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында облыс департаментінің басшылығы мен Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қаза тапқан әріптестерінің отбасына барып қайтты.

«Каменск полиция бөлімінің кезекші-инспекторы болып қызмет еткен, капитан Виктор Иванов кезекші топ құрамында қарақшылық шабуыл жасалған оқиға орнына жеткен. Қылмыскерлерді ұстау кезінде кезекші наряд пен қылмескерлер арасында қарулы шабуыл орын алған. Нәтижесінде, капитан Иванов ауыр жарақат алып, сол жерде қаза болды. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталды, алайда ең үздік қызметкерді жоғалту біз үшін орны толмас қайғы», – дейді Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Данияр Мендебаев.

 

Естеріңізге сала кетейік, Иванов Виктор Семенович, Қарасай АІІБ жанындағы Каменск аудандық полиция бөлімінің кезекші-инспекторы 1998 жылдың 25 сәуірінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған. Дәл сол жылы ол қайтыс болғанынан кейін ҚР Президентінің Жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін жоғары мемлекеттік награда – «Айбын»орденімен марапатталды.

«Бірнеше күн қатарынан біз қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан , жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасыларына бару бойынша іс-шаралар ұйымдастырдық. Полиция департаменті өз кезегінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әрбір қызметкердің отбасына көмек көрсетуге тырысады және оның отбасын қамқорлығына алады, себебі олардың жұбайлары мен балалары бүгінгі күні біздің қолдауымыз бен көмегімізді қажет етеді. Ивановтар отбасы да солардың қатарында», – деп толықтырды Данияр Мендебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру