Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарындасы жасырын үш ұялы телефонды туысының атынан несиеге алған

Түркістан облысының полицейлері туысының атынан несие алып, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ер адамның айтуынша, оған банктердің бірінен «700 мың теңге көлемінде қарызыңыз бар, төлеңіз деген» хабарлама келеді. Алайда ешқандай несие алмағанын айтқан тұрғын, полицейлерден көмек сұрап, осы жайтты анықтауды сұрайды.

Келіп түскен ақпарат бойынша полицейлер тез арада әрекет етіп, тұрғынның атынан несие алған күдіктіні анықтап, оны ұстауға жұмыс жасайды. Тексеру барысында жәбірленушінің атынан үш ұялы телефон несиеге алып, қарызға батырған туыс қарындасы болып шығады. Ол ағасының сеніміне кіріп, оның ұялы телефоны арқылы телефондарға тапсырыс беріп, банк рұқсат бергеннен кейін өзінің мекен-жайын жазу арқылы алаяқтық жасағаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, өзіңізге ғана қатысты құпия сандарды өзгелерге айтпауға кеңес береді. Егер, сіз алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру