Қарызын төлемей жүрген 39 азамат анықталды
2020 жылдың 9 желтоқсанында алимент және қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың мекен-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі, Жамбыл облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының Тараз қаласы бойынша аға прокуроры Бағила Сейсенбекова және жеке сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – алимент және қарызын төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарға шара қолдану болды. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, кездескен қиындықтармен бөлісті.
Осы орайда, Тараз қ. ПБ бастығы С.Кенжебаев кездесуге уақыт бөліп келген қонақтарға алғысын білдіріп, болашақта осындай кездесулер арқылы келелі мәселелердің шешімі табылатындығына сенім білдірді.
Тараз қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерімен 2020 жылдың желтоқсан айының 5-8 күндері аралығында алимент және қарызын төлеуден жалтарып, іздеуде жүрген 39 азаматтың мекен-жайы анықталып, жеке сот орындаушыға келуін міндеттейтін хабарлама берілді.