«Қаржылық пирамида» құрған азаматшаны қарағандылық тәртіп сақшылары ұстады
«Қаржылық пирамида» құрған азаматшаны қарағандылық тәртіп сақшылары ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Азамат өз арызында бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесемін деп уәде берген бір фирманың басшына жолыққанын айтқан. Тиісінше бірден «байлыққа белшеден батырамын» дегеніне сенген жәбірленуші ол фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған.
Алайда, арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші «қаржы пирамидасының» арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған. 27 жастағы жәбірленуші жалған фирманың басшысы 51,58 жастағы азаматшалар мен 24 жастағы азамат екенін айтқан.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тиісті іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы күдікті азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басқада күдіктілерді іздестіруде.