Қаржылық пирамидадан ақша тапқан тұрғын құрықталды
Қызылордада қаржылық пирамида құрып, алаяқтық жасаған қала тұрғынын полицейлер құрықтады ,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
2019 жылдың ақпан айында Қызылорда қаласының тұрғыны К.М «WhatsApp» желісі арқылы «Миллион инсвест» чаты арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық етіп, бірнеше рет, аса ірі мөлшердегі (57 707 177 теңге) ақшаны тарта отырып, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Нәтижесінде, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Сот процесінде күдікті өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетін толық мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге өндіріледі. 23 желтоқсанда Қызылорда қалалық №2 сот шешімімен айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Бүгінгі күні соттың үкімі заңды күшіне енді.