Қаскүнем ойдан алған себептерімен қарағандылық әйелдің көлігін тартып алған
Қарағандыда қаскүнем ойдан алған себептерімен автомобильді тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қыркүйекте Қарағанды қаласы Орталық ПБ-не 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызында, бейтаныс азамат оған материалдық шағымдар қоя бастағанын хабарлады. Әйел, оларды ойдан алған деп қарсылық білдірді. Бірақ қаскүнем сөзден іске кірісіп, жәбірленушінің көлігін тартып алған. Шығын сомасы үш миллион теңгені құрады.
Іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлі 52 жастағы күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады. Автомобиль иесіне қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.