Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қатаң режимдегі сотталғандар ережені сақтауға шақырды

Шығыс Қазақстан облысы қатаң режимдегі сотталғандар карантин кезінде ережені сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың коронавирустың әлемдік пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай жариялағаны белгілі. Төтенше жағдай режимі адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуының алдын алу. Бүгінде ОВ 156/2 мекемесі аса қауіпті әрі жұқпалы індетпен күресуге дайын.


Осы ретте індеттің пайда болуы мен таралуын бөгеуге бағытталған сақтық шаралары қолға алынды. Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың сонымен қатар мекеме қызметкерлерінің де денсаулығы бақылауда тұр. Сотталғандардың ұзақ және қысқа мерзімді кездесулері уақытша тоқтатылған. Мекеме аумағындағы кешкі мектепте білім беру жұмысын тоқтатты. Мекеме қызметкерлері сотталған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр. Онда сотталғандарға жеке қорғану құралдарын пайдалануды, адамдармен ара қашықтықты сақтауға, жеке гигиена ережесін сақтауға шақырады.

«Қабылданып жатқан іс-шаралардың басты мақсаты-індеттің таралуының алдын алу. Сондықтан оған бәріміз ат салысып бірлесе жұмыс жасаумыз керек»-дейді мекеме қызметкерлері.


Еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған үндеуін сотталған азаматтарда түсіністікпен қабылдады. Жазасын өтеушілер де коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірнеше мәрте пайдалануға болатын медициналық бет перде (маска) тігуді әлдеқашан бастап кеткен. Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеуші азаматтар толықтай бет пердемен қамтылған.

«Жұқпалы індеттің зардабы ауыр екенін біліп отырмыз. Одан қорғануға көмек қолын созудан шет қала алмадық. Елімізге келген мұндай уақытша сынақты бірге еңсереміз. Дәріханалардағы маска тапшылығын естіп оны өзіміз тіксек деген ойға келдік. Күніне 400 маска тігуге мақсат қойдық, оны жуып қайта қолдануға болады, медициналық талапқа сай. Біз барлық сотталған азаматтарды елімізге көмек көрсетуге шақырамыз», – дейді ОВ156/2 мекемесінде жазасын өтеуші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру