Қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде сотталғандармен семинар – кеңес өткізілді
Шығыс Қазақстан облысында қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде сотталғандармен семинар – кеңес өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Президенттің 2019 жылғы 26 тамызындағы «2020 жыл – еріктілер жылы» деп аталатын жарлығын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментімен ерікті-заңгерлердің көмегімен халықтың құқықтық сауатын арттыру және заң мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық кеңестер беру туралы іс –шаралар өткізу жоспары жасалды және бекітілді.
Осыған орай, ҚАЖД бойынша ОВ 156/2 қатаң тәртіптегі мекемесінде сотталғандар арасында түсіндіру сипатында, «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті» қызметкерлерімен: Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің инспекторы – Жанат Такенович Кадырбеков, Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті бастығының орынбасары – Ермек Ерланович Корабаев, жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы бастығының орынбасары – Даурен Токтарбекулы Мурзагалиев және Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің баспасөз хатшысы – Нуртай Кабыкенович Курмашевтың қатысуларымен семинар өткізілді.
Түсіндіру барысында сот актілері, атқару парағы және де тағыда басқа ауқымды сұрақтар қарастырылды, сотталғандарға тегін кеңестер берілді. Сонымен қатар сотталғандардың қойылған сұрақтары мұқият тыңдалынып, жан-жақты жауап қайтарылды. Қосымша, тереңірек қарастыруды талап ететін өтініштер, жазбаша түрде қабылданып және жауаптары Қазақстан Республикасы заңымен бекітілген мерзімде берілетін болады.