Қайығымен бірге жағадан алыстап кеткен бойжеткен аман-есен құтқарылды
Өткен түнде Алматы облысы ТЖД күшімен Қапшағай су қоймасында қайығымен жағадан алыстап кеткен қыз құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 маусым күні 00 сағат 10 минутта Қапшағай қаласының Заря-Қапшағай саяжай кооперативінің ауданында Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауында Алматы облысы ТЖД құтқарушылары күшімен (екі қызметкер және бір жүзу құралы) 1998 жылы туған қыз табылды. Қыз жағаға жеткізілді.
Ол 7 маусым сағат 23:00 шамасында үрлемелі қайықпен қатты желдің салдарынан жағадан алыстап кеткен. Құтқарылған қыз медициналық көмекке мұқтаж емес.
Сонымен қатар, Алматы облысының ТЖД Алматы облысындағы суға шомылу маусымы әлі басталмағанын еске салады. Осыған байланысты суға шомылудан және су қоймаларына жүзу құралдарымен шығудан бас тартуды сұрайды және желді ауа райында, тәуліктің қараңғы уақытында және құтқару кеудешесіз шығу өте қауіпті екндігін ескертеді.