"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: Атырауда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізілді
Атырауда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізілді, - деп хабарлады Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 15–30 қыркүйек аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Аталған шара аясында Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше өрескел құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған төрт азамат ұсталып, оларға жауапқа тартылды.
Осыған байланысты полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдықты асырмауды, көлікті мас күйінде басқармауды және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне барынша назар аударуды ескертеді.