Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: БҚО-да қайғылы жол апаты орын алды

7 айда БҚО жолдарында 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 56 адам қаза тауып, 203 адам жарақат алды. Бұл туралы БҚО ПД ЖПҚБ бастығы Мирхат Аженов мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері 23 күн ішінде 9032 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 119 жүргізуші ұсталды. Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар мен ескертуге қарамастан, кісі өліміне әкеп соғатын жол апаттары орын алуда, – деді Мирхат Аженов.

10 тамыз күні «Самара – Шымкент» тас жолында жол апаты орын алды. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Апат салдарынан 49 жастағы жүргізуші әйел мен 18 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

– Жол-көлік оқиғасы бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп атап өтті БҚО ПД ЖПҚБ бастығы Мирхат Аженов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру