Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы: Қызылордада бір күнде ЖҚЕ бұзудың 333 дерегі анықталды

Қызылордада "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 333 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында 9-11 ақпан күндері аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 333 дерегі тіркелді, оның ішінде жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың - үш, ұялы телефонмен сөйлесудің - 24, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың - 65, жолдың қарсы бағытына шығудың - бір, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің - 11, жаяу жүргіншіге жол бермеудің - 15, тәуліктің қараңғы мезгілінде сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдаланудың - 13, соқтығысу сәтін туғызудың - 5, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың - 5, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 23 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, 28 автокөлік айып тұрағына қойылып, 17 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру