Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы: Түркістан облысында полиция тұрғындарға жадынамалар таратты

Түркістан облысында полиция тұрғындарға жадынамалар таратты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жолдардағы апаттылықтың алдын алу, көлік тәртібін арттыру бағытында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат — жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылауды күшейту, мас күйінде көлік жүргізу фактілері мен басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу, жүргізушілер мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Іс-шара барысында Түркістан облысының полицейлері 200 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 50 құқық бұзушы, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін 38 жүргізуші, техникалық байқаудан өтпегені үшін 10, міндетті сақтандыру туралы полисі жоқ 7 және қарсы қозғалыс жолағына шыққан 1 жүргізуші жауапқа тартылды. 

Сонымен қатар жолдардың қауіпті учаскелерінде қосымша белгілер мен ескерту тақтайшаларын орнату, жолдарды жарықтандыру, белгілеу және қоршау бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ полицейлер жол қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі ақпаратты қамтитын QR-кодтары бар жадынамалар таратуда. 

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік — бұл ортақ міндет! 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру