Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: Жамбыл облысында ЖҚЕ бұзудың 3 мыңнан астам дерегі тіркелді

Жамбыл облысында ЖҚЕ бұзудың 3 мыңнан астам дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында 3-15 желтоқсан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шараның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігінің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік жүргізу тәртібін арттыру және ЖҚЕ сақталуын бақылау бойынша жұмыстарды жандандыру.

Жедел алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 132 дерегін тіркеді.

Нәтижесінде, ең өрескел бұзушылықтар келесідегідей болды:
– қарсы қозғалыс жолағына шығу – 4 дерек;
– апатты жағдай жасау – 36 дерек;
– көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану – 279 дерек;
– қауіпсіздік белдігі бекітілмеген – 389 дерек;
– көлік құралын мас күйінде басқару – 21;
– қауіпті маневр жасау – 226 дерек;
– жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыс кезінде басымдық бермеу – 62 дерек;
– құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – 191 дерек;
– жаяу жүргіншілер арасында 568 бұзушылық дерегі анықталды.

Арнайы айып тұрағына Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін барлығы 99 көлік құралы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру