Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіз жол: Петропавл оқушылары жол қозғалысы ережелерін полициямен бірге үйренуде

Қауіпсіз жол: Петропавл оқушылары жол қозғалысы ережелерін полициямен бірге үйренуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының полиция басқармасы ұстаздармен бірлесіп, жас жол инспекторларының қалалық байқауын ұйымдастырды. Іс-шара №40 мектепте "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы мен "Назар аударыңыз – балалар!" акциясы аясында өтті.

Жазғы демалыс қарсаңында полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде. Жас жол инспекторларының байқауы балалардың жол-көлік жарақаттануын алдын алуға және осы маңызды мәселеге назар аударуға бағытталған.

Мұндай іс-шаралар балалардың жолда жауапкершілікпен әрекет етуін қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қалалық байқаудың жеңімпазы – №8 эстетикалық тәрбие беру мектебінің жас жол инспекторлары отряды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балалардың қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Жақында облыстық полиция департаменті жас жол инспекторларының облыстық байқауын өткізеді. Жеңімпаздар өңір атынан республикалық деңгейде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру