Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: Абай облысында 25 мыңнан астам көлік тексерілді

Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 25 мыңнан аса көлік тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың көлік жүргізу ережелерін сақтауын, қажетті құжаттарының дұрыстығын және көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият тексерді. Бұл ретте бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілді: жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер анықталуда; қоғамдық көлік құралдары мен жолаушылар тасымалдау талаптарының сақталуы тексерілуде; құжатсыз немесе техникалық талаптарға сай келмейтін автокөліктер анықталуда; жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық түсіндіру әңгімелері жүргізілуде.

“Қауіпсіз жол” іс-шарасы – бұл тек жазалау үшін емес, ең алдымен, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыс. Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы ретте полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын еске салуда.

Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамдағы әрбір адамның ортақ жауапкершілігі екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру