Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: Атырауда бір апта ішінде 1800-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда 29 тамыз бен 4 қыркүйек күндері аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өткізілген іс-шараның жеті күнінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жолда жүру ережелерін бұзған 1800-ден астам көлік жүргізушісі анықталды. Олардың ішінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік құралын басқарған – 22 жүргізуші, жүргізуші құқығынан айырыла тұра көлік басқарған – 3 жүргізуші, жолдың қарсы бағытына шыққан – 9 жүргізуші, көлік құралының алдыңғы әйнектерін қараңғылатқан – 140 жүргізуші, жалған мемлекеттік белгі тағып көлік жүргізген 167 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан басқа, әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген 30 автокөлік тоқтатылып, айыппұлдары өндірілген.

– Атырау қаласының Полиция басқармасы Жедел басқару орталығында «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» және «Сергек» ақпараттық жүйелері арқылы жеті күн ішінде 145 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сақтандыру полисінсіз көлік құралын басқарған 113 жүргізуші және жалған мемлекеттік белгі таққан 1 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталды. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты. 5 адам әртүрлі дене жарақатын алды,- деді Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы жол қозғалысын қадағалау және ұйымдастыру тобының аға инспекторы Сырым Досыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру