Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” ЖПІШ: Қарағанды облысында жол қозғалысы ережелерін сақтау қатаң бақылауда

Қарағанды облысында 15-30 қыркүйек аралығында кең ауқымды “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Полиция департаментінің мәліметінше, шараның басты басымдығы - жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Әсіресе жылдамдықты арттыру мен қарсы бағытқа шығу секілді аса қауіпті құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылуда.

Жедел профилактикалық іс-шараның алғашқы үш күнінде, 2345 құқық бұзушылық тіркелді
16 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 44 дерегі анықталып, маневр жасау ережелерін бұзудың 292 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпаудың 354 фактісі тіркелді. Сондай-ақ 204 жүргізуші жолда телефон пайдаланғаны үшін, ал 110 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргіншілер тарапынан да 414 құқық бұзушылық анықталған.

- Бұл деректер жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бақылауды күшейтудің маңыздылығын дәлелдейді. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші өз жауапкершілігін сезініп, жол ережесін қатаң сақтауы тиіс, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция азаматтарды жолда абай болуға, рөлге мас күйінде немесе шаршаған жағдайда отырмауға, жылдамдықты қатаң сақтауға және өзге қозғалыс қатысушыларына құрметпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру