Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: Түркістан облысында полиция жол ережесін елемеген жүргізушілерді анықтады

Түркістан облысында полиция 20 мыңнан астам жол ережесін бұзудың алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысының аумағында жол көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысына қатысушылар арасындағы тәртіпті арттыруға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Рейд кезінде полицейлер 20 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде: мас күйінде автокөлік басқарудың 68 фактісі, жүргізуші куәлігінсіз автокөлік тізгіндеудің 423 фактісі, мемлекеттік нөмірсіз жүргізудің 215 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 109 жайты және жалған нөмірлері бар көлікті басқарудың 9 фактісі бар

Сонымен қатар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 314 жүргізуші, заңсыз тасымалдауды жүзеге асырғаны үшін 85 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 41 скутер жүргізушісін анықтады. Кәмелетке толмаған 16 жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Полиция қызметкерлері айыптұраққа 1682 көлік қойды.

Жол қауіпсіздігінің алдын алумен қатар, тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни ақпараттық жадынамалар таратып, жолдарда мұқият болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру