Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіздік әліппесі: Шымкентте полицейлер балабақша бүлдіршіндерімен кездесті

Мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда педагогтарға полицейлер көмектесіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересектердің басты міндеті және әрқайсымыз олардың қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Аталған бағытта тәрбие беру жұмыстарына ата-аналар, педагогтар және құқық қорғаушылар да белсенді қатысады.

Мәселен, жақында Шымкент қаласы полиция департаментінің Instagram парақшасына жергілікті балабақша әкімшілігі жол қозғалысы ережелері бойынша балаларға түсіндірме сабақ өткізу туралы өтініш білдірді.

Патрульдік инспекторлар мекемеге барып, бүлдіршіндерге қызықты әрі танымды сабақ өткізді. Жол қозғалысының ең кішкентай қатысушыларына жол жүру ережелері қарапайым тілде түсіндіріліп, көшеде және көлік құралдарының маңында өзін қалай ұстау керек екенін жеткізді. Шара барысында ұйымдастырылған практикалық бөлімде балалар жол қауіпсіздігі қағидаларын толыққанды меңгерді. Тәрбиешілер сақшыларға алғысын білдірді.

Атап өтетіні, полиция мен білім беру мекемелері арасындағы мұндай серіктестіктің балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы маңызы зор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру