Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпті жүргізуші" ЖПІШ: Астанада жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

"Қауіпті жүргізуші" ЖПІШ аясында Астанада жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1–7 желтоқсан аралығында елорда аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталған "Қауіпті жүргізуші" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында автопатрульдердің кезекшілігі күшейтіліп, іс-шараға жұмылдырылған жеке құрамның саны артты.

Сондай-ақ стационарлық бекеттердегі жұмыс жандандырылды. Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе отырып, "Қорғау" жүйесі арқылы жүргізушілерді тексеру жүргізіліп жатыр.

Жүк көліктерінің жүргізушілерін, оның ішінде олардың еңбек және демалыс тәртібін сақтау мәселелері бақылауға алынды. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу, қарсы бағыт жолағына шығу фактілерін анықтауға бағытталған арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру