Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпті жүргізуші" ЖПІШ: Маңғыстауда автобустардың техникалық жай-күйіне бақылау күшейтілді

"Қауіпті жүргізуші" ЖПІШ аясында Маңғыстауда автобустардың техникалық жай-күйіне бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автобустар — жолаушыларды көп көлемде тасымалдайтын, қауіп-қатері жоғары көлік құралы. Сондықтан олардың техникалық жарамдылығы мен жүргізушілердің жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Тек биылдың өзінде облыс аумағында автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 2 адам қаза тауып, 31 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Бұл жағдай қоғамдық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды күшейтуді талап етеді.

Осыған байланысты, 1–7 желтоқсан аралығында өтіп жатқан "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция қызметкерлері автобустардың соңғы аялдау бекеттерінде тексерістер жүргізді.

Тексеру барысында жүргізушілермен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіліп, автобустардың техникалық жағдайы, оның ішінде дөңгелектердің тозу деңгейі, тежегіш және жарық жүйелері тексерілді. Тексеру нәтижесінде бір автобустың дөңгелек протекторы қатты желінгені анықталды. Сонымен қатар техникалық ақауы бар көлік құралын жолға шығарғаны үшін автобус паркінің жауапты тұлғасы да жауапкершілікке тартылатын болады.

Полиция департаменті мұндай профилактикалық шаралар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға, ауыр зардапты апаттардың алдын алуға және қоғамдық көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беретінін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру