Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпті жүргізуші" ЖПІШ: Павлодар облысында полиция жол қозғалысына бақылауды күшейтті

Павлодар облысында полиция жол қозғалысына бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық құқықбұзушылықтарды қатаң түрде тоқтату мақсатында облыс аумағында "Қауіпті жүргізуші" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шараның алғашқы күні полицейлер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірнеше дерегі анықталды. Атап айтқанда, мас күйінде көлік жүргізу, қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану, тыйым салынған бағдаршам белгісіне өту, көлік басқару кезінде мобильді құрылғыларды қолдану фактілері тіркелді.

– Мысалы, Павлодар қаласының көшелерінің бірінде ВАЗ-21061 көлігінің жүргізушісінің қозғалысы мен басқару мәнері полицейлердің назарын аударды. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушіден алкогольдің айқын иісін сезіп, дереу шара қабылдады. Медициналық тексеріс қорытындысы бойынша ер адамның мас күйінде екені анықталды. Сондай-ақ Ақсу қаласының полицейлердің қырағылығы арқасында тағы бір өрескел факті тіркелді. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі каннабиноидтарды қолдану нәтижесінде есірткілік масаң күйінде болған. Аталған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұрағына қойылды, – деді полицейлер.

Полиция жол қозғалысына қатысушылардың барлығына үндеу жасайды: егер мас жүргізушілер туралы ақпарат белгілі болса, 102 нөміріне хабарлауды немесе "Police 102" қосымшасын пайдалануды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру