Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақ күресінен ІІМ чемпионаты қорытындыланды

"Qazaq kuresi" бойынша ІІМ чемпионатында Абай облысының полицейлері шеберліктерін дәлелдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жиналған полиция қызметкерлері қатысып, күш пен төзімділіктерін сынға салды.

Абай облысының намысын бұл додада арнайы мақсаттағы ЖҚАЖ инспекторлары қорғады. 100+ кг салмақ дәрежесінде полиция аға лейтенанты Жоламан Манарбекұлы, ал 80 кг салмақ санатында полиция кіші лейтенанты Айбек Құмарбек татамиге шықты. Екеуі де жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдені иеленді. Бұл жетістік – олардың тынымсыз еңбегі мен табанды дайындықтарының нәтижесі.

Белдесу барысында абайлық палуандар қарсыластарына қарсы кәсіби шеберлікпен, қайсарлықпен және жауынгерлік рухпен ерекшелене білді. Мұндай чемпионаттар ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, ұлттық спортты кеңінен насихаттауға да өз үлесін қосады.

Сонымен қатар бұл жарыстар қызметкерлердің дене дайындығын шыңдап, патриоттық рухын арттыруға бағытталған. Абай облысының спортшылары осындай байрақты бәсекелерде өңір абыройын асқақтатып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру