“Қазақстан балалары”: Абай облысында патриоттық флешмоб ұйымдастырылды
Абай облысында патриоттық флешмоб ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында өткен жас жол инспекторларының III слёті аясында “Қазақстан балалары” атты патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Оған өңірдің 12 ауданынан келген мектеп оқушылары – ЮИД қозғалысының белсенділері қатысты.
Арнайы форма киген, қолдарына жалаулар мен тақырыптық плакаттар ұстаған жас инспекторлар сап түзеп, жол қозғалысы ережелерін сақтау мен заңға құрмет көрсетуге шақырды. Олардың ұраны – “Қауіпсіздік әркімнен басталады”.
Флешмоб – бірліктің, жауапкершіліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісіне айналды. Балалар шығармашылық және азаматтық белсенділік арқылы ересектерге жолдағы қауіпсіздік – бәрімізге ортақ міндет екенін еске салды.