Қазақстан халқының бірлігі күні – Социаловтар отбасы үшін басты мереке
Офицер Ақан Социалов Қазақстан халқының бірлігі күні оның отбасы үшін басты мерекеге айналғаны туралы Polisia.kz сайтының журналисіне айтып берді.
Ақмола облысы полиция департаменінің қызметкері ішкі істер органдарында 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Целиноград аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны шеніне ие.
Ақан өзінің болашақ жұбайы Александрамен алғаш рет Б. Бейсенов атындағы ІІМ академиясында танысқан. Екеуі де тергеуші мамандығында, бірақ әртүрлі курстарда оқыды. Ең қызығы екеуі де бір ауданның тумалары, алайда академияда кездескенге дейін бір-бірін мүлдем білмейтін.
– Біз үш жылдай кездестік. Александраны алғаш көрген сәттен жүрегім сол деп соғатынын түсіндім және болашақта біз міндетті түрде үйленетінімізді білетінмін, – дейді тергеуші.
Бұл шешім көп күттірмеді, 2019 жылы полиция қызметкері сүйіктісіне ұсыныс жасады. Александраның айтуынша, Ақан оны ер адамға тән қасиетімен және оған деген қамқорлығымен баурап алған. Осылайша кішкентай қыздары дүниеге келіп, ұлтаралық одақ пайда болды.
– Біздің жас отбасымызда әртүрлі мәдениетті ұстану даулы жағдай тудырмайды, бұл біздің тату-тәтті өмір сүретініміздің кепілі, – дейді отбасының қамқоршысы Ақан.
Жас отбасында махаббат пен түсіністік салтанат құрған. Ерлі-зайыптылар үйде жұмыс туралы сөйлеспеуге тырысады. Қызмет пен отбасылық өмірді араластырмайды.
– Жұмыста мен полиция қызметкерімін, барлығымен тең дәрежеде қызмет атқарамын. Ал үйде мен әйелмін және анамын, – дейді Александра.
Ақан Социалов жарының ол үшін әрқашан нәзік жан болып қала беретінін айтты. Ал қызметте форма киген офицер екендігін мойындайды.
– Жұмыс бойынша шақыртуларға шыққан болса алаңдаймын, қоңырау шалып жағдайын сұраймын, өз қамқорлығымды көрсете білемін, – деді өз сөзінде Ақан.
Полицейлер отбасы барлық қиындықтарға төзе алатынын айтады. Қандай жағдай болмасын, сүйетін, қолдайтын және түсінетін адам бар екенін екеуі де біледі.