Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан ІІМ басшысы Түрікменстанның мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасымен кездесті

ІІМ-де Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Түрікменстанның мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Аманмухаммет Сазаковпен кездесті. Іс-шара Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар екі елдің ведомство басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру