Қазақстан мен Франция ІІМ екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда
Астанада Ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Ішкі істер министрінің арнайы өкілі Патрик Стефанинимен және Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында Қазақстан мен Франция ІІМ арасындағы қызмет бағыттары, оның ішінде көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі қаралды.
Сондай-ақ тараптар өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Франция арасында қол қойылған адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар бірлескен іс-қимылды жалғастыруға ниет білдірді.