Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының отырысы өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Отырысты Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов жүргізді. Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің атынан Ресей Федерациясы полициясының генералы Владимир Колокольцев тең төрағалық етті.

Іс-шараға қос елдің ішкі істер министрліктеріндегі негізгі құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің басшылары қатысты.

Отырыс барысында екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы іздестіру бағытындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері, синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.

Тараптар аталған бағыттар бойынша келісілген ұстанымдар мен нақты іс-шараларды айқындап, тиісті шешімдер қабылдады.

Кездесу өзара сенім мен құрметке, сындарлы диалогқа негізделіп өтті. Қос тарап құқық қорғау органдары арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру