Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қазақстан патриоты» медалі тапсырылды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінің бастығына «Қазақстан патриоты» медалі тапсырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті әрқашан ұлттар мен ұлыстар  арасындағы татулық саясатын ұстанады. Бұл жасампаз саясатты бүкіл Қазақстан халқы, оның ішінде соғыс ардагерлері қолдайды.

Тәуелсіздіктің 29 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 (әйелдер колониясы) мекемесіне «Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері келді. Сондай-ақ  кездесуге мекеме аумағында орналасқан кешкі мектептің директоры Мұхаметәлі Иманқұловта қатысты.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Ерлан Алданазаров жеке құрамды мерекемен құттықтап, мекеме бастығы Мадияр Конкановқа «Қазақстан патриоты» медалін салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ мекеменің бірқатар қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өз кезегінде мекеме басшылығы кешкі (ауысымдық) мектеп директоры М.Иманқұловқа сотталған әйелдерді ағарту ісіне қосқан үлесі үшін грамота табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру