Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейі кикбоксингтен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

5-9 наурыз аралығында Италияның Йезоло қаласында кикбоксингтен әлем кубогы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байрақты бәсекеге 46 елден 429 спортшы қатысып, олардың арасында Қазақстан намысын лайықты түрде қорғаған Абай облысы полиция департаменті ЖҚАЖ аға инспекторы Саят Трусбеков қола жүлдеге ие болды. Темірдей тәртіп, шеберлік пен қайсарлық танытқан Саят қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, турнирлік кестеде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол әлемдік деңгейдегі мықты спортшылармен терезесі тең өнер көрсетіп, Қазақстан полицейлерінің дайындығы жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлем кубогының қола медалі – бұл тек спортшының жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ еліміздің мақтанышы.

- Саятты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жетуіне тілектеспіз! Қазақстан сенімен мақтанады, – деді Абай облысы полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру