Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейлері әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

СҚО полицейлері жүлдеге ие болып, әлем чемпионатына дайындалуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.   

Солтүстік Қазақстан облысының полиция капитаны Нұрсұлтан Жақыпов 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Семей қаласында өткен кикбоксингтен іріктеу жарыстарында тамаша нәтижеге қол жеткізді. Нұрсұлтан үш жекпе-жек өткізіп, финалды мерзімінен бұрын аяқтап, қарсыласын жеңді. Енді СҚО-ның погон таққан спортшысы қараша айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

СҚО полиция департаментінің қоржынына тағы бір жетістік әкелген полиция капитаны — Дарина Билденова. Ол ҚР чемпионатында тапаншадан практикалық ату сайысына қатысты. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 105 спортшы, оның ішінде 8 қыз қатысты. Дарина "Open Lady" санатында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленді.

Полицейлердің спорттағы табыстары салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамға адал қызмет ету үшін шынығып жүруге ынталандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру