Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейлері Данияға іссапармен барды

Қазақстан полицейлері Данияға іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдағы күндері өтетін "Копенгаген" – "Қайрат" халықаралық футбол матчы алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен танысу мақсатында Алматы қаласының полиция өкілдері Дания еліне іссапармен барды.

Делегация құрамында қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев және Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Мәйлікбаев бар.

Сапардың негізгі мақсаты – халықаралық матчтар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесін жан-жақты зерделеу. Соның ішінде стадион инфрақұрылымымен, кіру-шығу тәртібімен, жанкүйерлер қозғалыс бағыттарымен, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен және қауіпсіздік қызметтерінің өзара әрекеттесу тәртібімен танысу жоспарланған.

Үш күн бойы полицейлер екі тілде бейнекүнделік жүргізіп, Алматыда өтетін футбол матчтарын ұйымдастыруға қолдануға болатын негізгі байқаулар мен тәжірибелер жөнінде бөлісетін болады. Белгілі болғандай, қаламызда халықаралық деңгейдегі ойындар дәстүрлі түрде орталық стадионда өтеді.

Бейнекүнделік материалдары Алматы полиция департаментінің ресми аккаунттарында жарияланып отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру