Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейлері самбодан Азия және Океания чемпионатында жеңімпаз атанды

Ташкентте 24 елден келген мықты спортшылардың басын қосқан спорттық самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 93 медаль – 27 алтын, 30 күміс және 36 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Ел намысы үшін күрескендердің қатарында Алматы қалалық полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкерлері де бар.

Ел намысын қорғаған спортшылардың қатарында Алматы қалалық полиция департаментінің жедел-қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері де бар. Олар күш-жігер мен кәсіби дайындықтың жарқын үлгісін көрсетті:

Айбек Атажан, ЖҚАЖ инспекторы — 79 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді;

Ербол Байбусунов, ЖҚАЖ ротасының командирі — 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды;

Дәурен Қамаш, ЖҚАЖ аға инспекторы — 88 келі салмақта қола медальға ие болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, ЖҚАЖ жауынгерлері үнемі жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен танытып келеді.

Халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жеке құттықтады. Ол бұл жетістіктер тек спорттық нәтиже ғана емес, сонымен қатар полиция қызметінің тәртіптілігі, мықтылығы мен патриоттық бейнесін қалыптастыруға қосқан үлкен үлес екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру