Қазақстан полициясы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген.
Ұсталған адам қамауға алынды.