Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қостанай облысы ПД қызметкерлері марапатталды
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қостанай облысы ПД қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол ведомствоның жауынгерлік туын шығарудан және мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Департамент бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуынша, полиция – ең ауыр және қауіпті мамандықтардың бірі. Қызметкерге жүктелген міндеттерді екінің бірі орындай алмайды.
Заман ағымына сай, негізгі талаптармен бірге полиция қызметкері қазіргі қоғамның сын-тегеуріндеріне жауап беруі керек.
Осы мереке күні ардагерлерімізге жас қызметкерлерді тәрбиелеуге және полиция дәстүрлерін сақтауға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіргім келеді.
– Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметте табыс тілеймін, – деп құттықтады ПД бастығы.
Жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ІІО ардагерлері Шорман Ташетов, Савле Евдокимова, Сағиболла Әлмағамбетовтер салтанатты жағдайда Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ардагерлер Владимир Власюков, Марат Исергепов, Сағи Байтұрсынов ІІМ төс медальдарын алды.
Қазақстандық полиция күніне орай өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Рудный қаласы полиция басқармасының бастығы Аманжол Байзақов мерзімінен бұрын полковник атағын алды.
Подполковник шені жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Сұңқар Сүлейманов және Жітіқара қаласының криминалдық полиция бөлімінің бастығы Азамат Қалиев алды.
«Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Рудный қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Рамзан Тимухаев марапатталды.
Ішкі істер министрінің грамотасын ЖҚАЖ аға инспекторы Мирас Әлімғазин алды.
Алаяқтықтың алдын алуға қосқан үлесі үшін ПД бастығының грамотасымен Рудный қаласының заңгері Мария Солдаткина марапатталды. Оның арқасында алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғындары жоғалған ақшаны дроперлерден өндіріп алды.
Сонымен қатар ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізеді, оның негізгі мазмұны профилактикалық бейнелер болып табылады.
Мерекелік іс-шара барысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жұбайлары мен туған-туыстарына құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Татьяна Балановская, Дана Саркитбаева, Инна Досымханова, Гүлжан Жаппасбаева, Майя Курочкина, Айгүл Сейдахметова, Роза Туралина, Мөлдір Базарбаева бар.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты, онда полиция қызметкерлері мен шақырылған шығармашылық ансамбльдер өнер көрсетті.
Фоейде мерекелік жиынға келгендер «Менің полициям балалардың көзімен» тақырыбындағы балалар қолынан шыққан суреттерді тамашалай алды. Мұндай ерекше көрмені «Жұлдыз» қалалық балалар шығармашылық студиясы ұйымдастырды.
Үздік сурет иелері грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.