Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды

14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.

Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.

Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.

Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру