Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» учаскесінде полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауда

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» учаскесінде полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көлігінің кезектілігі мен олардың жылжуын бақылауды Панфилов ауданы әкімінің басқаратын Штаб жүзеге асыратынын хабарлады. Жүк көліктерінің жүруі үшін электрондық кезек құрылды. 

Күн сайын бейнетіркегіштермен камтамасыз етілген жиырмаға жуық полиция қызметкері патрульдеу режимінде екі ауысымда қызмет атқарады. Полиция қызметкерлері учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылайды.

Ағымдағы жылдың басынан «Нұр-Жолы» кеден бекетіне қатысты 13 хабарлама мен өтініш тіркелді.

Әр азамат жол берілген бұзушылық туралы өтінішті жазбаша да, телефон арқылы да 8 (72 831) 51 362 жолдауға құқылы. Азаматтардың кез келген ескертулері дереу қаралады, оларды жою бойынша іс-шаралар дер кезінде қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру