Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан спортшысы есірткісіз қоғам құруға үндеу жасады

Қазақстан спортшысы Жуман Жумабеков есірткісіз қоғам құруға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зиянды әдеттерден бас тартып, денсаулықты, рухани дамуды және жақындарымызға қамқор болуды таңдасақ, салауатты өмірге бір қадам жақындай түсеміз. Сұраныс бар жерде, ұсыныс та болады. Сондықтан да әр адамның жеке таңдауы үлкен мәнге ие. Бүгінде көптеген танымал спортшылар, актерлер, қоғам қайраткерлері мен ақындар зиянды әдеттердің адам өміріне әкелетін залалы туралы ашық айтып жүр.

Осындай тұлғалардың бірі – ережесіз жекпе-жек чемпионы Жуман Жумабеков. Ол жастар мен ересектерді қысқа мерзімді құмарлықтарға ермеуге, керісінше спортты, тәртіпті және алға ұмтылуды таңдауға шақырады.

Нағыз күш – жасанды әсерде емес, рухтың мықтылығында. Өз-өзіңізді және жақындарыңызды бағалаңыз, – дейді чемпион.

Бұл жай ғана сөз емес. Себебі зиянды әдеттердің кесірін тек адам өзі ғана емес, оның отбасы, айналасы, болашағы да тартуы мүмкін. Нашақорлықсыз әлем – қиял емес. Егер әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, ол қол жеткізуге болатын мақсат. Денсаулықты таңдаңыз. Жақындарыңызға үлгі болыңыз. Осындай жеке таңдау арқылы ғана дені сау, мықты қоғам қалыптасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру