Қазақстанда 2,5 мыңнан астам сотталғанға электрондық білезік тағылған
2024 жылдың шілдесінен бастап пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға электрондық бақылау білезіктері тағылды. Бұл шараны енгізгеннен бері бір жылға жуық уақыт өтті. Нәтижеге қандай? Бұл туралы Polisia.kz сайты айтып береді.
Бүгінге дейін 2562 сотталғанға электрондық білезік тағылған. Бұл құрылғы арқылы пробация қызметкерлері сотталған адамның нақты қай жерде екенін біліп, оның қозғалысын бақылай алады. Егер жаза өтеу шарттары бұзылса, білезік дабыл белгісін береді.
ҚАЖ комитетінің мәліметінше, электрондық бақылау жүйесі енгізілгеннен бері 1800-ден астам заң бұзушылық тіркелді. Көбіне сотталғандар түнде үйден шығып кетеді немесе белгіленген бағыттан ауытқиды. Осыған байланысты 900-ден астам іс сотқа жолданды, оның 471-інде сот бас бостандығын шектеу жазасын түрмеге қамауға ауыстырды.
Алайда сотталғандардың барлығы бұл жаңашылдықты оң қабылдаған жоқ. Кейбіреулері білезікті шешіп тастауға, сындыруға немесе өртеп жіберуге тырысқан. Мұндай әрекеттері үшін олар мемлекетке келтірген шығынын өтейді. Сонымен қатар жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін ғана емес, білезікті зақымдағаны үшін де қосымша жауапкершілікке тартылады.