Қазақстанда полицияның бірыңғай гарнизондық сап түзеуі өткізілді
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасы бойынша елімізде полицияның кешенді күштерінің бірыңғай гарнизондық сап түзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Жаңа жылды мерекелеуге байланысты көшелер мен қоғамдық орындарда полиция нарядтарының саны артты. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау күшейтілді.
Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция нарядтары мәдени және бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерге жақын орналастырылды.
Жаңа жыл түнінің өзінде 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі кезекшілікке шығады.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті.