Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы басталды

ІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Құрметті азаматтар! 19 сәуірден бастап елімізде республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл шараның мақсаты – тек жол жүрісі қағидаларын сақтау емес, әрбір жол жүрісіне қатысушы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Қазақта "жолда жүргеннің жөні болсын" деген сөз бар. Біз осы сөздің өмірлік қағидаға айналуын қалаймыз. Бұл - жай ғана ұран емес, бұл - еліміздің әр тұрғынының амандығы үшін маңызды міндет.

Бүгінде жолда жасалатын әр құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі. Себебі жылдамдықты асырған әр көлік, назарсыз қалған әр сәт біреудің өмірін қиып кетуі мүмкін. Әсіресе ересектердің немқұрайлылығынан балалардың жол апатында зардап шегуі – орны толмас қайғы.

Алдымызда мейрам күндері және жазғы демалыс. Бұл балалардың сыртта көп жүретін уақыты. Сол себепті біз баршаңызды бүлдіршіндер мен жеткіншектерді жолда қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек полиция қызметі емес, жалпыға ортақ міндет. Еліміздегі әрбір жол қауіпсіз болу үшін жұмыла атсалысайық, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру