Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қазақстандағы зорлық-зомбылықсыз отбасы" науқаны: Алматыда әкімшілік қамауда отырғандармен кездесу өтті

Алматыда "Қазақстандағы зорлық-зомбылықсыз отбасы" науқаны аясында әкімшілік қамауда отырғандармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында 20 мамырдан 20 маусымға дейін жалғасатын республикалық "Қазақстандағы зорлық-зомбылықсыз отбасы" науқаны жалғасуда. Ауқымды науқан аясында қаладағы әкімшілік қамау орындарында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған азаматтармен профилактикалық кездесулер өткізілуде.

Бүгін Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы және Жетісу аудандық полиция басқармасы әкімшілік қамауға алынғандармен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға "Қорғау" дағдарыс орталығының, "Бақытты отбасы" қолдау орталығының өкілдері, психологтар мен кеңесшілер қатысты. Олар кездесуге қатысушылармен отбасылық құндылықтар, өзара құрмет және тұрмыстық қатынастарда зорлық-зомбылыққа жол берілмеуі туралы мәселелерді талқылады.

- Біздің мақсатымыз – тек жаза қолдану емес, ойлауды өзгерту. Отбасындағы әр құқық бұзушылық – бұл көмек қажет екенінің белгісі. Сондықтан біз бұл жұмысқа психологтар мен басқа да мамандарды тартып, адамдарға өз әрекеттерінің салдарын түсінуге және қалыпты өмірге оралуына көмектесеміз. Отбасы – қоғамның негізі, ал елдегі тәртіп отбасын нығайтудан басталады, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Осындай кездесулер науқан аясында алдағы уақытта да жалғасын табады.

Полиция отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жәбірленушілерге көмек көрсету тиімділігін арттыру мақсатында дағдарыс орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен және тиісті мамандармен тығыз жұмыс жүргізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру