Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандық полицей армрестлингтен әлем кубогына қатысып, І орынды жеңіп алды

Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының басшы құрамы әлемдік деңгейдегі спорттық жетістігі үшін полиция қызметкері Нұрқанат Утешовті арнайы марапаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңімпаз полицей Нұрқанат Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен армрестлинг спортынан әлем кубогына қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Халықаралық жарысқа 25 елден 400-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасқан.

Осыған орай полиция басшылығы ел мерейін асқақтатқан тәртіп сақшысының жетістігін жоғары бағалап, арнайы құттықтады.

Полиция қызметкерінің бұл жеңісі – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек қызметте ғана емес, спортта да жоғары деңгейде екенін айқын дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру