Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті
Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Қарағанды қаласының ПБ-на интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған қала тұрғындарынан өтініштер түсе бастады. Алаяқтар ақпараттық жүйені пайдалана отырып, шағын несие ұйымдары арқылы 105 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін несие рәсімдеп алып отырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер – 26 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Олардың барлығы да Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілер банк карталарын пайдаланып, жалпы сомасы 17 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Іс-әрекеттерін республика бойынша асырған.
Полицейлер күдіктілердің интернеттегі алаяқтық бойынша 150 фактіге қатысы барын анықтауда.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот қылмыскерлерге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.