Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанның ішкі істер министрі қырғыз әріптесімен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековпен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында екі министрлік ынтымақтастығының келешегі мен басым мәселелері талқыланды.

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полициясын реформалау барысы, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу, сондай-ақ, ішкі істер органдарын цифрландыруды дамыту туралы хабардар етті.

Ұлан Ниязбеков қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелерін енгізу мәселелерінде, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне ерекше қызығушылық танытты.

Жалпы кездесуге қатысушылар жедел-қызметтің барлық бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Кездесу дәстүрлі достық атмосферада, толық өзара түсіністік жағдайында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру