ҚАЖ департаментінің құрамасы Алматы облысының күштік құрылымдары арасында футболдан жеңіске жетті
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті Алматы облысының күштік құрылымдары арасында шағын футболдан 1-орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күніне орай, ҚР ІІМ Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Алматы облысының құқық қорғау органдарының күштік және басқа да арнайы құрылымдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Іс-шара Қонаев қаласында өтті. Турнирге 12 команда қатысты.
– Мұндай турнирлерді өткізу қызметкерлердің шеберлігі мен спорттық біліктілігін арттыратыны сөзсіз. Департамент басшылығы әрдайым осындай спорттық іс-шараларға қатысушыларды қолдайды. Ойын оңай болған жоқ, қарсыластар да мықты болды, ал ҚАЖ қызметкерлері үздік болды,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Бақытжан Шәріпбеков.